Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 48 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 тамызда № 5583 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 174 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 28.02.2018 № 174 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнiң 422 - бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызметiн Сырдария ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай тiркелген салық мөлшерлемелерi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      2. Сырдария аудандық мәслихатының төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      "Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу обьектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 30 қарашадағы № 361 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 23 желтоқсанда № 10-8-161 болып тіркелді, "Тіршілік тынысы" газетінде 2012 жылғы 09 қаңтарда №2 жарияланған);
      "Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу обьектілерінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 30 қарашадағы кезектен тыс ХХХХІІ сессиясының № 361 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" аудандық 2012 жылғы 27 маусымдағы № 59 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 18 шілдеде №10-8-180 болып тіркелді, "Тіршілік тынысы" газетінде 2012 жылғы 21 шілдеде № 62 жарияланған).
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихаттың кезекті Аудандық мәслихаттың
      4 сессиясының төрағасы: хатшысы:
      О. Сейтмуратов____________ Е. Әжікенов_____________
      КЕЛІСІЛДІ
      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлiгiнiң Мемлекеттiк кiрiстер
      комитетi Қызылорда облысы бойынша
      Мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң
      Сырдария ауданы бойынша
      мемлекеттiк кiрiстер басқармасы"
      республикалық мемлекеттiк
      мекемесiнің басшысы
      М.Абдықалықов________________
      29 шілде 2016 жыл

  Сырдария аудандық мәслихатының
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 48 шешiмiне қосымша

Қызметiн Сырдария ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай тiркелген салық мөлшерлемелерi

Салық салу обьектiсiнiң атауы

Тiркелген салықтың базалық мөлшерлемелерiнiң ең төменгi мөлшерi (айлық есептiк көрсеткiш)

1

2

3

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелi

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады