1. 2016 жылға жұмыс орындары санының екі пайызы мөлшерінде:
1) мүгедектер үшін;
2) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін
3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін;
4) кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтар үшін жұмысқа орналастыру квоталары белгіленсін.
2. "Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" (Е.Жақып) коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің тиісті сала орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ.Қазантаев |