Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 06 қыркүйектегі № 873 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 қыркүйекте № 5602 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Кодексіне, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындары санының екі пайызы мөлшерінде:
      1) 2016 жылға мүгедектер үшін;
      2) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін;
      3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін;
      4) кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтар үшін жұмысқа орналастыру квоталары белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шиелі ауданының әкiмi Қ. Сәрсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады