"2016 жылға мектепке дейінгі тәрбиемен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы" Шиелі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 02 қыркүйектегі №871 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қазандағы № 902 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 қазанда № 5631 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы" Шиелі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 02 қыркүйектегі № 871 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5589 нөмірімен тіркелген, 2016 жылы 09 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулының 1, 2 - қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шиелі ауданы әкімінің орынбасары А. Есмахановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға таралады.
      Шиелі ауданының әкімі Қ. Сәрсенбаев

  Шиелі ауданы әкімдігінің
2016 жылғы “25” қазандағы
№ 902 қаулысына 1- қосымша
  Шиелі ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 02 қыркүйектегі
№ 871 қаулысына 1-қосымша

2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы


Аудан атауы
Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылатын балалар саны
1
Шиелі ауданы
3790

  Шиелі ауданы әкімдігінің
2016 жылғы “25” қазандағы
№ 902 қаулысына қосымша
  Шиелі ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 02 қыркүйектегі
№ 871 қаулысына 2-қосымша

2016 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері


Аудан атауы
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығын (теңге)
1
Шиелі ауданы
Балабақша (мемлекеттік/жеке меншік)
Шағын орталық
24240 теңге
20374 теңге

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады