Көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Еңбекші ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 7 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 мамырда № 5519 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңдарына, Қызылорда облыстық онамастика комиссиясының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 1 және 12 желтоқсандағы № 4 қортындыларына сәйкес, Шиелі ауданы Еңбекші ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда облысы Шиелі ауданы Еңбекші ауылдық округі Еңбекші ауылының "Орталық" көшесі "Ілияс Алтайбаев" есімімен, "Абай Құнанбаев" тұйығы "Сұлтанхан Төрениязов" есімімен қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау ауыл әкімі аппаратының жетекші маманы Ә.Алдабергеновке жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Еңбекші ауылдық округінің әкімі Б. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады