Атауы жоқ көшеге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 42 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 мамырда № 5521 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-1 бабының 2) тармақшасына және Қызылорда облыстық онамастика комиссиясының 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 4 қорытындысына сәйкес Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округі Байсын ауылындағы атауы жоқ "8 квартал" көшесіне "Ахатбек Байкенжеев" есімі берілсін.
      2. Осы шешімнен туындайтын жұмыстарды атқару "Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық есебін жүргізу, әлеуметтік саланы дамыту және жастар ісі жөніндегі бас маманы А.Аманқұловаға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімі М. Қазыбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады