Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 166 "Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 35 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 наурызда № 2983 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 166
      "Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2753 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық- құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережесінде:
      15 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері астық нарығы, өсімдіктерді қорғау, өсімдіктер карантині, тұқым шаруашылығы, асыл тұқымды мал шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.";
      16 тармақтың 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40) тармақшалары алып тасталсын.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережесіне енгізілген өзгерістер бекітілсін.
      3. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы):
      осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;
      мемлекеттік мекеме туралы ережеге енгізілген өзгерістерді Маңғыстау облысының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Айдарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Маңғыстау облысының ауыл
      шаруашылығы басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Б.Ерсайынұлы
      "11" ақпан 2016 жыл.

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2016 жылғы "11" ақпандағы № 35
  қаулысына қосымша

Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережесіне енгізілген өзгерістер

      15 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15.Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері астық нарығы, өсімдіктерді қорғау, өсімдіктер карантині, тұқым шаруашылығы, асыл тұқымды мал шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.";
      16 тармақтың 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40) тармақшалары алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады