Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй - жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 44 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 наурызда № 2984 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5 - бабының 7) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй – жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2653 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 сәуірде "Маңғыстау" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. "Маңғыстау облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Е.Ж. Есбергенов) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап
      күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Айдарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ақтау қаласының әкімі
      С.Ө. Трұмов
      "19" наурыз 2016 жыл.
      
      Бейнеу ауданының әкімі
      Б.А. Әзірханов
      "19" наурыз 2016 жыл.
      
      "Маңғыстау облысының
      дін істері басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Е.Ж. Есбергенов
      "19" наурыз 2016 жыл.

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2016 жылғы "19" наурыз № 44 қаулысына
  қосымша

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы


 
Діни әдебиетті сататын
үй-жайлардың атауы
Орналасқан орны
 
Ақтау қаласы бойынша
 
"Достық" сауда үйі
26 шағын аудан
 
"Светоч" кітап дүкені
11 шағын аудан, 22 үй, 5 пәтер
 
"Светоч" кітап дүкені
5 шағын аудан, 7 үй, 26 пәтер
 
"Рита" кітап дүкені
11 шағын аудан, 35 үй, 77 пәтер
 
"Рита" кітап дүкені
5 шағын аудан, 4 үй, 1-2 пәтер
 
"Муслима" дүкені
28 шағын аудан, № 68/1 учаскесі
 
"Мегахит" дүкені
27 шағын аудан, "Бәйтерек" сауда-ойын кешені
8.
"Жұлдыз" дүкені
Шығыс-3, 178 үй, 1 пәтер
Бейнеу ауданы бойынша
9.
"Кітап әлемі" дүкені
Бейнеу селосы, "Тәуелсіздік" алаңы, № 1 сауда орны
10.
"Дана" супермаркеті
Бейнеу селосы, Бейбарыс көшесі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады