Ақтау қаласы ішінде карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 07 қазандағы № 306 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 қарашада № 3180 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 96 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.04.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы "Өсімдіктер карантині туралы" Заңының 9-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының 2016 жылғы 02 маусымдағы № 01-43/389 ұсынысының негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтау қаласы ішіндегі жасыл желектерде карантиндік арамшөп – у кекіре 3,3 га және комсток сымыры – 0,2 га карантинді объектісінің анықталуына байланысты Ақтау қаласы ішінде карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақ белгіленсін.

      2. Қоса беріліп отырған карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.

      3. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Айдарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының ауыл

      шаруашылығы басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Б. Ерсайынұлы

      "07" қазан 2016ж.

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Агроөнеркәсіптік кешендегі

      мемлекеттік инспекция комитетінің

      Маңғыстау облыстық аумақтық

      инспекциясының басшысы

      Р.Н. Түменов "07" қазан 2016 ж.

      Ақтау қаласының әкімі

      С.Ө.Трұмов

      "07" қазан 2016 ж.

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2016 жылғы "07" қазандағы № 306
қаулысымен бекітілген

Карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 16.04.2018 № 72 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Іс-шаралар атауы

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

1

2

3

4

1.

Жер пайдаланушылар арасында карантинді объектілердің алдын алу, карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Үнемі

Ақтау қаласының әкімдігі,
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі

2.

Карантиндi аймақ туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар туралы тұрғындарға хабарлау

Үнемі

Ақтау қаласының әкімдігі,
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі

3.

Карантинді объектілердің таралу ошақтарын жою жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу (карантинді объектілерге қарсы химиялық өңдеу, карантинді объектілерді қолмен және механикалық тәсілдермен жою)

Вегетация кезеңінде

Ақтау қаласының әкімдігі,
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі(келісім бойынша), "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі

4.

Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету

Карантинді объектілерді таралу ошақтарын жою жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады