Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 72 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 мамырда № 3598 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 наурыздағы № 40 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.03.2020 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына Маңғыстау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу бекітілсін.

      2. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.С. Қалдығұл) осы қаулының Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Қ. Жүсіповке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы С. Аманғалиев
     
      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақтау қаласының әкімі

      Ғ. Ниязов

      "16" сәуір 2018 ж.

      Бейнеу ауданының әкімі

      Б.К. Әбілов

      "16" сәуір 2018 ж.

      Қарақия ауданы әкімінің

      міндетін атқарушы

      Қ.Беков

      "16" сәуір 2018 ж.

      "Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Агроөнеркәсіптік кешендегі

      мемлекеттік инспекция Комитетінің

      Маңғыстау облыстық аумақтық

      инспекциясы" мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      Ж.Н. Амантурлыев

      "16" сәуір 2018 ж.

      Маңғыстау ауданының әкімі

      Ж.Қ. Айтуаров

      "16" сәуір 2018 ж.

      "Маңғыстау облысының ауыл

      шаруашылығы басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      С.С. Қалдығұл

      "16" сәуір 2018 ж.

      Мұнайлы ауданының әкімі

      Н.Т. Тәжібаев

      "16" сәуір 2018 ж.

      Түпқараған ауданының әкімі

      Т.Т. Асауов

      "16" сәуір 2018 ж.

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2018 жылғы "16" сәуірдегі
№ 72 қаулысына қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің өзгерістер енгізілген қаулыларының тізбесі

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 250 "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық- материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2825 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық - материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:

      1) бөлімнің кеңсесінде құжаттарды қабылдауы және тіркеуі – 15 (он бес) минут;

      2) бөлім басшысы құжаттарды қарастыруы – 20 (жиырма) минут;

      3) бөлімнің жауапты орындаушысы құжаттарды қарастыруы – 1(бір) жұмыс күні;

      4) ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құжаттарды қарастырып, көрсетілетін қызметті алушылардың тізбесін дайындауы – 1 (бір) жұмыс күні;

      5) Комиссияның шолып тексеруді өткізуі және көрсетілген қызметті алушылардың тізімін жасауы – 7 (жеті) жұмыс күні;

      6) бөлімнің жауапты орындаушысының аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен бекітілген көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін және басқа тиесілі қүжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынуы – 1 (бір) жұмыс күні;

      7) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ресімдеу – 1 (бір) жұмыс күні.";

      8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) бөлімнің кеңсесі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, өтінімнің көшірмесінде қабылдау күні мен уақытын көрсетіп, қабылдап алған жауапты тұлғаның аты - жөні туралы белгі қояды – 15 (он бес) минут;

      2) бөлім басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және орындауға жолдайды – 20 (жиырма) минут;

      3) бөлімнің жауапты орындаушысы өтінімдер мен құжаттарды қабылдағаннан кейін, олардың толықтығын тексереді және Комиссияға қарастыруға енгізеді (көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтінім мен құжаттар бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға пысықтауға қайтарылады) – 1 (бір) жұмыс күні;

      4) Комиссия ұсынылған құжаттарды қарастырып, көрсетілетін қызметті алушылардың тізбесін қалыптастырады және ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) жеткізілген басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша субсидиялау көлемін бөледі – 1 (бір) жұмыс күні;

      5) Комиссия мүшелері өскіндердің болуын, сондай-ақ ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасында (сызбасында) көрсетілген ауыспалы егістердің сақталуын шолып тексеру мақсатында көрсетілетін қызметті алушылардың шаруашылықтарына шығады. Тексеру қорытындылары бойынша Комиссия мүшелерімен өткен жылғы күздік дақылдарды және көп жылдық шөптерді қоса, көрсетілетін кызметті алушылардың егістіктері мен екпелерін қабылдау актісі жасалады. Комиссия қабылдау актісінің және көрсетілетін қызметті алушылардың ұсынған құжаттардың негізінде көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін жасайды – 7 (жеті) жұмыс күні;

      6) бөлімнің жауапты орындаушысы аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен бекітілген көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін және басқа тиесілі қүжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады – 1 (бір) жұмыс күні;

      7) көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыларға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомості және төлем шоттарын қалыптастырады – 1 (бір) жұмыс күні.";

      "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық- материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысының 2 қосымшасы осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 қазандағы № 306 " Ақтау қаласы ішінде карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" қаулысында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3180 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген қаулымен бекітілген карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 19 сәуірдегі № 80 қаулысында "Маңғыстау облысының Түпқараған, Бейнеу, Мұнайлы және Қарақия аудандарында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" қаулысында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3356 тіркелген, 2017 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған):

      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бейнеу ауылы Тәжиев көшесінің аудан әкімдігі орналасқан аумағының оң жақ жиегімен және "Бейнеу лицейі" мемлекеттік мекемесінің ауласында – 0,001 га, Бейбарыс - 15 көшесіндегі "Жібек жолы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесінің ауласында – 0,025 га, Бейнеу ауданы әкімдігінің "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауласында – 0,002 га, Мұнайлы ауданының Баянды ауылдық округінде орналасқан Кішкенеқұм жайылымдық жерінде – 0,8 га, Түпқараған ауданының Қызылөзен ауылдық округінде орналасқан – 0,15 га арамшөп – у кекіремен залалдануына, сондай-ақ, Мұнайлы ауданында "Жаса" – 1,5 га, "Ай-Сәрсен" – 3 га, Түпқараған ауданында "Әулет" – 3 га, "Қуаныш" – 3 га, "Яссауи" – 7 га, "Сырлыбек" – 12,5 га, "Ғалым" – 5 га, "Таңғұлов" – 3,5 га, "Жарас" – 10 га және Қарақия ауданының "Талапкер" – 2 га, "Бейбіт" – 3 га өсімдіктердің қауын шыбыны карантинді объектісінің анықталуына байланысты, көрсетілген шаруа қожалықтарының аумақтарында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақ белгіленсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 19 сәуірдегі № 81 қаулысында "Маңғыстау облысының Маңғыстау, Түпқараған аудандарында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" қаулысында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3357 тіркелген, 2017 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған):

      көрсетілген қаулымен бекітілген карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары осы қаулының 4 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2018 жылғы "16" сәуірдегі
№ 72 қаулысына 1 қосымша
 
"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1 қосымша

"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Шартты белгілер:

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2018 жылғы "16" сәуірдегі
№ 72 қаулысына 2 қосымша
 
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2016 жылғы "7" қазандағы
№ 306 қаулысымен бекітілді

Карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар атауы

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

1

2

3

4

1.

Жер пайдаланушылар арасында карантинді объектілердің алдын алу, карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Үнемі

Ақтау қаласының әкімдігі, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі

2.

Карантиндi аймақ туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар туралы тұрғындарға хабарлау

3.

Карантинді объектілердің таралу ошақтарын жою жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу (карантинді объектілерге қарсы химиялық өңдеу, карантинді объектілерді қолмен және механикалық тәсілдермен жою)

Вегетация кезеңінде

Ақтау қаласының әкімдігі, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі(келісім бойынша), "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі

4.

Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету

Карантинді объектілерді таралу ошақтарын жою жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2018 жылғы "16" сәуірдегі
№ 72 қаулысына 3 қосымша
 
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2017 жылғы "19" сәуірдегі
№ 80 қаулысымен бекітілді

Карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар атауы

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

1

2

3

4

1

Жер пайдаланушылар арасында карантинді объектілердің алдын алу, карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Үнемі

Қарақия ауданының әкімдігі,
Мұнайлы ауданының әкімдігі,
Түпқараған ауданының әкімдігі,
Бейнеу ауданының әкімдігі,
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі

2

Карантиндi аймақ туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар туралы тұрғындарға хабарлау

Үнемі

Қарақия ауданының әкімдігі,
Мұнайлы ауданының әкімдігі,
Түпқараған ауданының әкімдігі,
Бейнеу ауданының әкімдігі,
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі

3

Карантинді объектілердің таралу ошақтарын жою жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу (карантинді объектілерге қарсы химиялық өңдеу, карантинді объектілерді қолмен және механикалық тәсілдермен жою)

Вегетация кезеңінде

Қарақия ауданының әкімдігі,
Мұнайлы ауданының әкімдігі,
Түпқараған ауданының әкімдігі,
Бейнеу ауданының әкімдігі,
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі

4

Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету

Карантинді объектілерді таралу ошақтарын жою жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

5

Карантинге жатқызылған өнімді тиеп-жөнелту орындарында карантиндік тексеруді жүргізу

Үнемі

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2018 жылғы "16" сәуірдегі
№ 72 қаулысына 4 қосымша
 
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2017 жылғы "19" сәуірдегі
№ 81 қаулысымен бекітілді

Карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар атауы

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

1

2

3

4

1.

Жер пайдаланушылар арасында карантинді объектілердің алдын алу, карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Үнемі

Маңғыстау ауданының әкімдігі,
Түпқараған ауданының әкімдігі,
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі

2.

Карантиндi аймақ туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар туралы тұрғындарға хабарлау

Үнемі

Маңғыстау ауданының әкімдігі,
Түпқараған ауданының әкімдігі,
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі

3.

Карантинді объектілердің таралу ошақтарын жою жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу (карантинді объектілерге қарсы химиялық өңдеу, карантинді объектілерді қолмен және механикалық тәсілдермен жою)

Вегетация кезеңінде

Маңғыстау ауданының әкімдігі,
Түпқараған ауданының әкімдігі,
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі

4.

Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету

Карантинді объектілерді таралу ошақтарын жою жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

5.

Карантинге жатқызылған өнімді тиеп-жөнелту орындарында карантиндік тексеруді жүргізу

Үнемі

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашышаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады