Ақтау қаласы Өмірзақ ауылы бойынша салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасын және жер салығының базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 6/71 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 қаңтарда № 3243 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтау қаласы Өмірзақ ауылы бойынша салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасын және жер салығының базалық ставкасына түзету коэффициенттері осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

      2.лМаңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы О. Қазақбаев
      Облыстық
      мәслихат хатшысы Б. Жүсіпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      Министрлігі Мемлекеттік кірістер

      комитетінің Маңғыстау облысы бойынша

      мемлекеттік кірістер департаменті"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      А.Б. Тілегенов

      "_8_" ___12___ 2016 жыл

      "Маңғыстау облысының жер

      қатынастары басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Е.Д. Дүзмағамбетов

      "_8_"___12___2016 жыл



  Маңғыстау облыстық мәслихатының
2016 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 6/71 шешіміне
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 29.09.2017 № 13/159 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ақтау қаласы Өмірзақ ауылы бойынша салық салу мақсатында жер салығының базалық ставкасына түзету коэффициенттері

Аймақтардың
№ №

Аймақтарға енгізілген
әкімшілік құрылымдар

Салық салу мақсатындағы коэффициенттері


І

Өмірзақ ауылы

1,5


ІІ

"Приозерный", "Приморский" тұрғын-үй массивтері

1,4


ІІІ

"Рауан" тұрғын-үй массиві

1,3

".


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады