Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №16/154 "Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 мамырдағы № 2/21 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 07 маусымда № 3055 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 21.10.2016 № 5/58 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/154 "Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2338 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2014 жылы 22 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 2 қосымшасында:
      6 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "6. Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін білім беру қызметіне ақы төлеуге күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге (Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында жоғары оқу орындарының бесінші курс, интернатура студенттерінен және резидентура тыңдаушыларынан басқа) әлеуметтік көмек білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіп кешені, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорттың мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды қамтамасыз ету үшін, өтініш берген уақыттың алдыңғы 12 айға, Маңғыстау облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейінің 3 (үш) еселік шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасыларға ұсынылады (бұдан әрі – Студенттерге әлеуметтік көмек).
       Студенттерге әлеуметтік көмек оқу орындары көрсететін білім беру қызметі мөлшерінде ақысы бір жолғы төлемнен, сонымен қатар 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік көмектен тұрады.
      Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын ("Стоматология" мамандығынан басқа) білім беру қызметіне төлеу үшін, сонымен қатар 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік көмек, кірісі есепке алынбай, жасақталған Арнайы шарт негізінде келесі тұлғаларға ұсынылады:
      1) бесінші курс студенттеріне;
      2) интернатура студенттеріне;
      3) резидентура тыңдаушыларына.
      Арнайы шарт Ақтау қаласы бойынша мамандыққа сұраныс болған жағдайда, жас мамандар бес жыл ішінде мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарда еңбекпен өтеу үшін, "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің келісімі бойынша жасақталады.
      Әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдарында ашылған жеке шоттарына жіберіледі.".
      2. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ы. Көшербай) жүктелсін.
      4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы Ж.Үмбетова
      Қалалық мәслихат хатшысы М.Молдағұлов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақтау қалалық жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Г. Хайрлиева
      "17" мамыр 2016 жыл
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақтау қалалық экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      А. Ким
      "17" мамыр 2016 жыл
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Р.Бектубаев
      "17" мамыр 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады