Жаңаөзен қаласында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 49/423 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 сәуірде № 3026 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 47/529 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 24.08.2020 № 47/529 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509 бабының 5 тармағына және 704 бабының 3 тармағына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 10.04.2018 № 19/228 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Жаңаөзен қаласында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері екі есеге жоғарылатылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, құрылыс, өнеркәсіп, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы, көлік және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Ғ. Байжанов).

      3. Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысы (А.Ермұханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихат хатшысы С. Мыңбай

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Жаңаөзен қалалық жер қатынастары

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

      И.Орынбеков

      17 наурыз 2016 жыл


      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігінің Мемлекеттік кірістер

      комитеті Маңғыстау облысы бойынша

      Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Жаңаөзен қаласы бойынша

      мемлекеттік кірістер басқармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Б.Ұлықбанов

      17 наурыз 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады