Жаңаөзен қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 47/529 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 қыркүйекте № 4273 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 10-11-193 ұсынысының негізінде, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) 2016 жылғы 17 наурыздағы № 49/423 "Жаңаөзен қаласында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3026 болып тіркелген, 2016 жылы 29 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 19/228 Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 49/423 "Жаңаөзен қаласында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3591 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының әлеуметтік – экономикалық даму, бюджет, құрылыс, өнеркәсіп, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы, көлік және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Б. Нурбосинов).

      3. "Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Ермуханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Э. Утеев
      Жаңаөзен қалалық мәслихатының хатшысы С. Мыңбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады