РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
"Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі (1-қосымша);
"Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азамматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі (2-қосымша);
"Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі (3-қосымша).
2. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (одан әрі – аппарат) осы қаулының "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудан әкімдігінің интернет – ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалысын бақылау аппарат басшысы Ү.Әмірхановаға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Әзірханов |
2016 жылғы 22 ақпандағы №32 Бейнеу ауданының әкімдігінің қаулысына 1 қосымша |
"Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер
1. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.2. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130100, Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу селосы, Д.Тәжіұлы көшесі, аудан әкімдігінің ғимараты.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде - "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - Государственное учреждение "Бейнеуский районный отдел земельных отношений, архитектуры и градостроительства".
10. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Бейнеу ауданының әкімдігі болып табылады.
11. Осы Ереже "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
14. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігімен анықталады.
2. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:ауданның жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларының дамуы бойынша функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік саясатты жүргізу.
16. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:
1) жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) жер қатынастарын реттеу саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру мен орындау, жерге орналастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен іске асыру;
3) сәулет және қала құрылысы шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру;
4) реттелген нарықтық экономика жағдайындағы жобалаудың, құрылыстың және жөндеу-құрылыс өндірісінің әр түрлі прогрессивті нысандары мен әдістеріне ықпал ету;
5) ауданның елді мекендерінде бас жоспарлар мен объектілердің құрылысын қарау;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа міндеттерді орындау.
17. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексімен көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға беру туралы әкімдік қаулыларының жобаларын және ұсыныстар дайындау;
2) иесіз жер учаскелерін есепке қою;
3) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексімен көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет қажеттілігі үшін жер учаскелерін алу, оның ішінде сатып алу жолымен алу туралы ұсыныстар енгізу;
4) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
5) мемлекетпен жеке меншікке сатылатын немесе жер пайдалануға берілетін нақты жер учаскелерінің бағалау құнын бекіту;
6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
7) басқа да табиғатты қорғау іс-шаралары кешенінде жерлерді тиімді пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау бойынша аудандық бағдарламаларды әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды дайындау және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
8) ауданның елді мекендерінің аумағының жер шаруашылық орналастыру жоспарларын әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау;
9) ауыл шаруашылық алқаптарын бір түрден екіншіге ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
10) жер учаскелерін немесе мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмейтін жер учаскелерінің құқығын сату жөнінде саудалар (конкурстар, аукциондар) ұйымдастыру және өткізу туралы ұсыныстар енгізу;
11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын аудандық бағдарламаларға, схемалар мен жобаларға сараптама жүргізу;
12) ауданның жер балансын жасау;
13) жер учаскелері иелерінің және жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастары субъектілерінің есебін жүргізу;
14) аудан аумағында жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру;
15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне паспорттар беру;
16) жер учаскелерін жалға беру және сатып алу-сату шарттарын жасау;
17) іздестіру жұмыстары үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру туралы ұсыныстар дайындау;
18) құрылыс ережелерін және құрылыс, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу, абаттандыру, көгалдандыру мәселерін реттейтін басқа да құжаттарды әзірлеу;
19) өндірістік-азаматтық бағыттағы және басқа да объектілердің құрылысы және жөндеу барысына бақылау;
20) құрылыс объектілері жұмыстарына бақылау;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа функцияларды жүзеге асыру.
18. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
"Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқығы бар:
1) мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденіп алуға және жүзеге асыруға;
2) осы ережеде көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;
3) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге құқықтарды жүзеге асыруға.
"Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі міндетті:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
2) белгіленген тәртіпте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға.
3. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
19. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі басшылықты "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.20. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бейнеу ауданының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
21. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
2) "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағыттылған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдауына дербес жауапты болады;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді және тәртіптік жаза қолданады;
5) мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
6) өз құзіретінің шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi
22. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін."Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
24. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше көзделмесе, "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
25. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Бейнеу ауданының әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.26. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
6. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
27. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.2016 жылғы 22 ақпандағы №32 Бейнеу ауданының әкімдігінің қаулысына 2-қосымша |
"Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер
1. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі - Бейнеу ауданы бойынша жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130100, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, аудан әкімдігінің ғимараты.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: - "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: - "Бейнеуский районный отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния".
10. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Бейнеу ауданының әкімдігі болып табылады.
11. Осы Ереже "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру мемлекетік бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
14. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігімен анықталады.
2. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу салаларындағы функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік саясатты жүргізу.
16. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:
1) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) азаматтық хал актілерін тіркеуді іске асыру;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де міндеттер.
17. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) халықты жұмыспен қамту саясатын іске асыру;
2) нысаналы топтарды және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шараларды анықтау;
3) жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын құруды қолдау;
4) жұмыссыздарға әлеуметтік қорғау көрсету;
5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
6) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құру;
7) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;
8) жастар практикасын ұйымдастыру;
9) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар салаларында аудандық әкімдіктің қаулыларының жобаларын әзірлеу;
10) еңбек ресурстарына қажеттілікті қалыптастыру, халықты жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
12) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін басқа да іс-шараларды жүзеге асыру;
13) мүгедектерге әлеуметтік және қайырымдылық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
14) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
15) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
16) тууды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
17) туу туралы куәліктер беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру;
18) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
19) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;
20) әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
21) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
22) азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
23) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
24) бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
25) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
26) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
18. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары және міндеттері:
"Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқығы бар:
1) "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына қарасты мәселелер бойынша, меншік және шаруашылықты жүргізу нысандарына қарамастан кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелерден қажетті ақпараттарды және есептерді сұратуға және алуға;
2) ұйымдарда қоғамдық жұмыстар дайындау мен өткізу, жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылмаған халықты дайындау мен қайта дайындау, азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізуге;
3) қоғамдық акциялар мен халықты әлеуметтік қолдауға байланысты бағдарламаларды өткізуді ұйымдастыруға;
4) белгіленген тәртіпте жұмыспен қамту мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар және жиналыстар өткізуге;
5) өзіндік ақпарат-анықтама бюллетеньдер, плакаттар, буклеттер мен әдістемелік материалдарды шығаруға және жарнамалық тақталарды жасақтауға;
6) азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға (мекемелерге) және ұйымдарға сұраулар жолдауға;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
"Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі міндетті:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауға;
2) белгіленген тәртіпте салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікті болуға.
3."Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
19. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.20. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бейнеу ауданының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
21. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінiң жұмыскерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді және тәртіптік жаза қолданады;
5) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
6) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi
22. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін."Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
24. Егер заңнамамен өзгеше көзделмесе, "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
25. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Бейнеу ауданының әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.26. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
6. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
27. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.2016 жылғы 22 ақпандағы №32 Бейнеу ауданының әкімдігінің қаулысына 3-қосымша |
"Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер
1. "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.2. "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық– құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130100, Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу селосы, Д.Тәжіұлы көшесі, аудан әкімдігінің ғимараты.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде - "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - Государственное учреждение "Бейнеуский районный отдел предпринимательства и промышленности".
10. "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Бейнеу ауданының әкімдігі болып табылады.
11. Осы Ереже "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
14. "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігімен анықталады.
2. "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларын дамыту бойынша функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік саясатты жүргізу.
16. "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:
кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту мен қолдау, бәсекелестікті қорғау, сондай-ақ ғылыми-техникалық салада, инновациялық қызметте кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту үшін жағдайлар жасау.
17. "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) жеке кәсiпкерлiкті және өнеркәсіпті дамыту үшiн жағдайлар жасау;
3) ауданда мемлекеттiк бағдарламалардың iске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз ету және олар үшiн жауапты болу;
4) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;
5) сарапшылық кеңестiң қызметін ұйымдастыру;
6) өз құзыретi шегiнде сауда қызметі субьектілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерінен асырмауын бақылауды жүзеге асыру;
7) инвесторлармен жұмыстарды ұйымдастыру;
8) аудан бойынша жеке кәсіпкерліктің және өнеркәсіптің дамуына талдау және мониторинг жүргізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
18. "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
"Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқығы бар:
1) мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденіп алуға және жүзеге асыруға;
2) осы ережеде көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;
3) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
"Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі міндетті:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
2) белгіленген тәртіпте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға.
3. "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
19. "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі басшылықты "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.20. "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бейнеу ауданының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
21. "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
2) "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағыттылған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдауына дербес жауапты болады;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді және тәртіптік жаза қолданады;
5) мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
6) өз құзіретінің шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi
22. "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуымүмкін.
"Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
24. Егер заңнамамен өзгеше көзделмесе, "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
25. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Бейнеу ауданының әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.26. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.