Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 30.10.2017 № 18/145 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2318 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №51 "Рауан" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
7) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"уәкілетті орган - әлеуметтік көмек тағайындау және төлеуді жүзеге асыратын - "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі;";
8) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы - "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" департаменті;";
9) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"9) Бала кезінен мүгедектерге, таңдаған мамандығына шектеу қоймай, Қазақстан Республикасының кез келген жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін және ай сайын тамақтану және тұру шығындарын ішінара жабатын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.";
10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні:
1986 жылғы желтоқсан оқиғасында зардап шеккен және сот шешімімен ақталған қатысушыларына - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш.";
11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғаларға өтініштері бойынша, мемлекеттік зейнетақы немесе мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы берілмеген кезде, табыстарын есепке алмай 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жылына бір рет әлеуметтік көмек көрсетіледі.".
Бейнеу ауданында шартты ақшалай көмек көрсетудің Кағидаларында:
1) барлық мәтін бойынша "кент" сөзі алып тасталсын;
2) 4 тармақтың 14) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"уәкілетті орган - "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі;";
3) 6 тармақ алып тасталсын;
4) 8 тармақтың үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"отбасының жан басына шаққандағы табысы мен облыста белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 наурыздағы №133 қаулысымен бекітілген "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларының" 10 тармағына сәйкес қаржыландырылады;";
5) 8 тармақтың төртінші абзацы алып тасталсын.
2. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (Б.Түйешиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркеуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі комиссиясына (Р.Тайшыбаев) жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б.Досов |
Аудандық мәслихат хатшысы | А.Ұлұқбанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Бейнеу аудандық экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
Б.Әзірханов
"23" маусым 2016 жыл
"Бейнеу аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.Өмірбеков
"23" маусым 2016 жыл