Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 маусымдағы № 3/26 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 03 тамызда № 3105 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 21/173 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 16.03.2018 № 21/173 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422-бабына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызметін Бейнеу ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшерлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (Б.Түйешиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркеуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б.Досов
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Ұлұқбанов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігінің Мемлекеттік кірістер

      комитеті Маңғыстау облысы бойынша

      Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Бейнеу ауданы бойынша мемлекеттік

      кірістер басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Қ.Үсенғалиев

      "23" маусым 2016 жыл


  Бейнеу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 маусымдағы №3/26 шешіміне қосымша

Қызметін Бейнеу ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемесінің мөлшерлері

Рет саны

Салық салу объектісінің атауы

Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемесінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіштерде)

1.

Бір ойыншымен өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады