Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Форт-Шевченко қаласының халқының пікірін ескере отырып және Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 7 қазандағы қорытындысының негізінде, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Форт-Шевченко қаласының Жаңа Кетік шағын ауданының 1 кварталындағы атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
бірінші көше - Махмұт Көбегенұлы Батыршев атындағы көше;
екінші көше - Орынбай Бәлдеков атындағы көше;
үшінші көше - Айту Жолмағанбетов атындағы көше.
2. Түпқараған аудандық мәслихатының аппаратының басшысы (А. Ізбен) осы бірлескен қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Форт-Шевченко қаласының әкіміне (А.Нұрдәулетов) жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т.Асауов |
Сессия төрағасы, | |
аудандық мәслихат хатшысы | А.Досанова |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түпқараған аудандық ішкі саясат және
тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А.Ордабаева
15 наурыз 2016 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Форт-Шевченко қаласының әкімі
А.Нұрдәулетов
15 наурыз 2016 жыл