РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Форт - Шевченко қаласының халқының пікірін ескере отырып және Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 9 қарашадағы қорытындысының негізінде, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Форт - Шевченко қаласының Жаңа Кетік шағын ауданының екінші кварталындағы атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
орталық көше - Қосай Қаниұлы атындағы көше;
батыс бағытындағы бірінші көше - Тұрсын Қожықов атындағы көше;
батыс бағытындағы екінші көше - Дүйінбай Тарғынұлы атындағы көше.
2. Түпқараған аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Ізбен) осы бірлескен қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Форт - Шевченко қаласының әкіміне (М.Дощанов) жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т.Асауов |
Сессия төрағасы | Б.Төлешов |
Аудандық мәслихат хатшысы | А.Досанова |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түпқараған аудандық ішкі саясат
және тілдерді дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А.Ордабаева
29 қараша 2016 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Форт - Шевченко қаласының әкімі
М.Дощанов
29 қараша 2016 жыл