Атамекен ауылдық округі бойынша бағалық аймақтарға бөлу шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 4/71 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 02 желтоқсанда № 3201 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Жер Кодексіне сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Атамекен ауылдық округін бағалық аймақтарға бөлу схемасы мен жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері және жер аймақтарының сипаттамасы осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
      2. Мұнайлы аудандық мәслихатының аппарат басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Конысбаева).
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Б.Қазақбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Назар

       "КЕЛІСІЛДІ"
      "Мұнайлы аудандық жер
      қатынастары бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
       Ә. Өтегенов
      27 қазан 2016 жыл

  Мұнайлы аудандық мәслихатының
  2016 жылғы 21 қазандағы
  №4/71 шешіміне
  1 қосымша

Атамекен ауылдық округін бағалық аймақтарға бөлу схемасы

      


  Мұнайлы аудандық мәслихатының
  2016 жылғы 21 қазандағы
  №4/71 шешіміне
  2 қосымша

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері және Атамекен ауылдық округі жер аймақтарының сипаттамасы

Аймақтар №
Аймаққа енетін аумақтар
Бағалық аймақ бойынша коэффициенттері

1

Өнеркәсіптік аймақ

2,0

2

Қоғамдық-іскерлік және тұрғын аймақ

1,8

3

Резервтегі аймақ (өнеркәсіптік аймақтың болжамды дамуы)

1,6

Аймақтардың сипаты

      1-ші аймақ - Өнеркәсіптік аймақ
      2-ші аймақ - Қоғамдық-іскерлік аймақ, екі қабатты және жеке тұрғын үй құрылысы салынған орталық бөлігі енеді. Бұл жерде негізгі әкімшілік ғимараттар, емхана, ұсақ жеке дүкендер желісі, базар, мейрамхана, сөйлесу пункті орналасқан
      3-ші аймақ - Резервтегі аймақ (өнеркәсіптік аймақтың болжамды дамуы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады