2016 жылғы 1-тоқсанға арналған кедейлік шегін есептеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 104 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 наурызда № 6249 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 2-бабының 1-2 тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 953 "2016 жылғы 1-тоқсанға арналған кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы" бұйрығына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысы бойынша 2016 жылғы 1-тоқсанға арналған кедейлік шегі 7423 теңге мөлшерінде есептелсін, ол мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызын құрайды.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік салаға жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады