"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 315 "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4927 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 шілдеде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
18-тармақта:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру кестелерін әзiрлейдi және бекiтедi;";
18-тармақ мынадай мазмұндағы 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
"13) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізеді;
14) жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асырады.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мұхамбетов |