Профилактикасы мен диагностика бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 311 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 шілдеде № 6544 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27–бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 17-3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
      министрлігі Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Қостанай облыстық
      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      ______________________________ О. Батырбеков

  Әкімдіктің
2016 жылғы 29 маусымдағы
№ 311қаулысымен бекітілген

Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі

      1. Ірі қара малдың аурулары – некробактериоз, гиподерматоз.
      2. Ұсақ қара малдың аурулары – псороптоз, бақайқұрт.
      3. Жылқы аурулары – сақау, параскаридоз, нематодоз, гастрофилез.
      4. Шошқа аурулары – аскаридоз.
      5. Төл аурулары – сальмонеллез, диплококкоз, колибактериоз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады