Әулиекөл ауданындағы Диев шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 335 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 10 тамызда № 6573 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Әулиекөл ауданындағы Диев шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі Су
      ресурстары комитетінің Су
      ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
      бассейндік инспекциясы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _______________ Г. Оспанбекова
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық
      экономика министрлігі
      Тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау комитетінің Қостанай
      облысы тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау департаменті"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _________________ В. Нечитайло

  Әкімдіктің
2016 жылғы 11 шілдедегі
№ 335 қаулысына қосымша

Әулиекөл ауданындағы Диев шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы

Су тарту көзінің атауы

Санитарлық қорғау аймағының мөлшерлері

I-белдеу

II-белдеу

III-белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

№ 4;

Радиусы – әр ұңғыманың айналасында 50 метр

3,9 гектар

Радиусы – әр ұңғыманың айналасында 76 метр

9,0 гектар

Радиусы – әр ұңғыманың айналасында 380 метр

212,5 гектар

№ 5;

№ 6;

№ 7;

№ 8 ұңғымалар

      Ескерту: санитарлық қорғау аймағының шекарасы Әулиекөл ауданындағы Диев шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағының санитарлық-гидрогеологиялық негіздемесі жобасының картографиялық материалында көрсетілген (тапсырыс беруші – "Агрофирма "Диевская" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады