Федоров ауданындағы орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың № 1/1, № 3/1, № 4/1, № 5/1, № 5/2 (резервтік), № 6/1 ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 329 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 10 тамызда № 6574 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Федоров ауданындағы орталықтандырылған шаруашылық - ауыз су тартудың № 1/1, № 3/1, № 4/1, № 5/1, № 5/2 (резервтік), № 6/1 ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі Су
      ресурстары комитетінің Су
      ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі
      Тобыл-Торғай бассейндік
      инспекциясы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________ Г. Оспанбекова
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық
      экономика министрлігі Тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау комитетінің
      Қостанай облысы тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау департаменті"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _________________ В. Нечитайло

  Әкімдіктің
2016 жылғы 8 шілдедегі
№ 329 қаулысына қосымша

Федоров ауданындағы орталықтандырылған шаруашылық - ауыз су тартудың № 1/1, № 3/1, № 4/1, № 5/1, № 5/2 (резервтік), № 6/1 ұңғымалары учаскесіндегі санитарлық қорғау аймағы

Су тарту көзінің атауы

Санитарлық қорғау аймағының мөлшерлері

I белдеу

II белдеу

III белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

№ 1/1;

Радиусы – әр ұңғыманың айналасында 50 метр

4,0 гектар

Радиусы – 102 метр

20,3 гектар

Радиус – 1270 метр

506,5 гектар

№ 3/1;

Радиусы – 102 метр

№ 4/1;

Радиусы – 102 метр

№ 5/1;

Радиусы – 102 метр

№ 5/2 (резервтік);

Радиусы – 129 метр

№ 6/1 ұңғымалар

Радиусы – 129 метр

      Ескерту: санитарлық қорғау аймағының шекарасы Федоров ауданындағы орталықтандырылған шаруашылық - ауыз су тартудың № 1/1, № 3/1, № 4/1, № 5/1, № 5/2 (резервтік), № 6/1 ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймағының санитарлық-гидрогеологиялық негіздемесі жобасының картографиялық материалында көрсетілген (тапсырыс беруші – "Водстрой" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады