1. Қостанай облысы бойынша 2016 жылғы 3-тоқсанға арналған кедейлік шегі 7808 теңге мөлшерінде есептелсін, ол мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызын құрайды.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |