2016 жылғы 4-тоқсанға арналған кедейлік шегін есептеу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 472 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 қазанда № 6680 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 2-бабының 1-2 тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 811 "2016 жылғы 4-тоқсанға арналған кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14275 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысы бойынша 2016 жылғы 4-тоқсанға арналған кедейлік шегі 8697 теңге мөлшерінде есептелсін, ол мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызын құрайды.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады