"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қостанай облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |
Әкімдіктің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 502 қаулысына қосымша |
Қостанай облысы әкімдігінің күші жойылды
деп тануға жататын кейбір қаулыларының тізбесі
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 528 "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5178 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 желтоқсанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған);
2. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 143 "Әкімдіктің 2014 жылғы 27 қазандағы № 528 "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқыктық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5607 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 мамырда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған);
3. Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 102 "Әкімдіктің 2014 жылғы 27 қазандағы № 528 "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқыктық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6251 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).