Әкімдіктің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 519 "Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 499 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 7 желтоқсанда № 6725 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 102 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 16.03.2020 № 102 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 519 "Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6089 болып тіркелді, "Қостанай таңы" газетінде 2016 жылғы 6 қаңтарда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталама (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру" және "Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз теңгерімінде 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінде:

      4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті арқылы көрсетілмейді.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады