"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы 1-тармағына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының бұйрығына сәйкес, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері мынадай мекенжайларда орналасқан тұрғын үйлерде:
Лисаков қаласы, 6-шағын аудан, 52-үй, жалпы алаңның бір шаршы метрі үшін айына 142 (жүз қырық екі) теңге 30 тиын мөлшерінде;
Лисаков қаласы, 1-шағын аудан, 17-үй, жалпы алаңның бір шаршы метрі үшін айына 125 (жүз жиырма бес) теңге 40 тиын мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Қала әкімі |
А. Исмағұлов |