Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 15.03.2024 № 87 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Мәслихаттың 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 297 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5621 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 11 маусымда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегін "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті Лисаков қаласының бөліміне (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі - портал) балама негізде өтініш береді және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11015 нөмірімен тіркелген) көрсетілген құжаттарды ұсынады.";
3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады - күнтізбелік 10 (он) күн.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрағасы | И. Неявко |
Қалалық мәслихат хатшысы | Г. Жарылқасымова |
"Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
___________________ Л. Бочаренко
2016 жылғы 3 маусым