Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2016 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 22 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 мамырда № 6341 болып тіркелді

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 18 бабының 8 тармағына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға, келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2016 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессиясия төрайымы К. Сарбасов
      Алтынсарин аудандық
      мәслихатының хатшысы Б. Есмуханов

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің
      экономика және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ____________________ Е. Павлюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады