Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2016 жылғы 17 мамырдағы № 28 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 маусымда № 6471 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2019 жылғы 8 қазандағы № 262 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 08.10.2019 № 262 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 139 бабының 9 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын қызметшілердің айлықақылары мен мөлшерлемелерімен саластырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылары мен тарифтік мөлшерлемелері белгіленсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Сессия төрағасы К. Сарбасов
      Алтынсарин аудандық
      мәслихатының хатшысы Б. Есмуханов

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің
      экономика және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ____________________ Е. Павлюк
      2016 жыл 17 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады