Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 139 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 1 шілдеде № 6518 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 59 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 04.06.2018 № 59 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18-бабына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Амангелді ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі Ж.Таукенов

      Амангелді аудандық

      мәслихатының хатшысы

      __________ Қ. Кеделбаев

  Әкімдіктің
2016 жылғы 3 маусымдағы
№ 139 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      2) психоневрологиялық аурулары бар жасы 18 ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      4) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы.

      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:

      1) Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;

      2) Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) әлеуметтік педагог;

      4) педагог-психолог;

      5) қосымша білім беру педагогы;

      6) аға тәрбиеші, тәрбиеші;

      7) музыкалық жетекші;

      8) аға вожатый;

      9) дене тәрбиесі нұсқаушысы;

      10) нұсқаушы;

      11) аға әдіскер, әдіскер;

      12) өндірістік оқыту шебері;

      13) аға шебер;

      14) медициналық бике/аға;

      15) емдәмдік мейірбике;

      16) кітапханашы;

      17) логопед;

      18) барлық атаудағы суретшілер;

      19) көркемдік жетекші;

      20) интернат меңгерушісі;

      21) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

      22) барлық мамандықтар бойынша мұғалiмдер;

      23) мектепке дейiнгi ұйымның меңгерушiсi;

      24) шебер;

      25) кітапхана меңгерушісі;

      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      1) Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;

      2) мәдени ұйымдастырушы;

      3) барлық атаудағы суретшілер;

      4) кітапханашы;

      5) бөлім меңгерушісі;

      6) әртіс;

      7) режиссер;

      8) редактор;

      9) әдіскер;

      10) әкімші;

      11) дирижер;

      12) нұсқаушы;

      13) библиограф;

      14) көркемдік жетекші;

      15) Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      16) хореограф;

      17) дыбыс операторы.

      4. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;

      2) Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) медициналық бике/аға;

      4) жаттықтырушы.

      5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:

      1) ветеринариялық дәрiгер;

      2) ветеринариялық фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады