Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 59 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 маусымда № 7845 болып тіркелді. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 87 қаулысымен. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 мамырдағы № 93 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 11.05.2021 № 93 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 06.05.2020 № 87 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес Амангелді ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 06.05.2020 № 87 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Амангелді ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 139 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6518 болып тіркелген, 2016 жылдың 20 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Амангелді ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) әкімдіктің осы қаулысын мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Амангелді ауданының әкімі Н. Өтегенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Амангелді аудандық

      мәслихатының хатшысы

      _________ Қ. Кеделбаев

  Әкімдіктің
2018 жылғы 4 маусымдағы
№ 59 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 06.05.2020 № 87 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 01.08.2019 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2020 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын құрылымдық бөлімше бөлімшенің басшысы, клиникалық және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері;

      3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      4) акушер;

      5) диеталық мейіргер;

      6) мейіргер;

      7) қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик);

      8) зертханашы (медициналық);

      9) провизор (фармацевт);

      10) психолог маман;

      11) рентген зертханашысы;

      12) әлеуметтік қызметкер;

      13) фельдшер;

      14) медициналық тіркеуші;

      15) нұсқаушы-дезинфектор;

      16) кеңейтілген практика мейіргері.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) ауданның халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      3) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

      4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      5) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      3. Білім саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (шағын жинақталған мектептен, мектепке дейінгі білім беру ұйымынан, әдістемелік кабинеттен (орталық) басқа);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның: шағын жиынтықты мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымның, әдістемелік кабинетінің (орталығының) басшысы;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның басшысының орынбасары (шағын жиынтықты мектептен басқа);

      4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның: шағын жиынтықты мектеп басшысының орынбасары;

      5) әлеуметтік педагог;

      6) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі;

      7) қосымша білім беретін педагог;

      8) тәрбиелеуші;

      9) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);

      10) тәлімгер;

      11) дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің);

      12) әдіскер (негізгі қызметтердің);

      13) мейірбике (мейіргер);

      14) емдәмдік мейірбике;

      15) кітапханашы;

      16) логопед;

      17) интернаттың басшысы (меңгерушісі);

      18) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

      19) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалiмдері;

      20) кітапхананың басшысы (меңгерушісі).

      4. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;

      2) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      3) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      4) кітапханашы;

      5) кітапхана басшы (меңгеруші);

      6) барлық атаудағы әртістері;

      7) режиссер;

      8) редактор (негізгі қызметтер);

      9) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      10) әкімші (негізгі қызметтер);

      11) дирижер;

      12) библиограф;

      13) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның көркемдік жетекші;

      14) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      15) хореограф;

      16) дыбыс режиссері;

      17) қазақ, орыс, ағылшын тілдер мұғалімі.

      5. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) медициналық бике/аға (мамандандырылған);

      4) жаттықтырушы;

      5) әдіскер.

      6. Алынып тасталды - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 06.05.2020 № 87 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады