Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 20 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 мамырда № 6360 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2018 жылғы 15 ақпандағы № 156 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 15.02.2018 № 156 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 386-бабының 5-тармағына сәйкес, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Г. Абдигапарова
      Жангелдин аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Нургазин

      "Жангелдин ауданының жер қатынастар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      __________________________ Т. Ганимат
      2016 жылғы "14" сәуір
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
      Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы
      бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
      Жангелді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
      басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      __________________________________Д.Әмірханұлы
      2016 жылғы "14" сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады