Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 14.03.2022 № 86 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 509-бабы 5-тармағына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. Мәслихаттың 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 20 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6360 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 мамырда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Г. Ысмағұл |
Жангелдин аудандық мәслихатының хатшысы | С. Нургазин |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жангелдин ауданының жер қатынастар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________________ Т. Ганимат
2018 жылғы 15 ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
Жангелді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________________________ Д. Әмірханұлы
2018 жылғы 15 ақпан