"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 233 "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы ережесін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5908 нөмірі тіркелген, 2015 жылғы 15 қазанда "Айна" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы қаулымен бекітілген "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы ережесінің 16-тармағындағы:
2), 4), 5), 7) тармақшалары мынадай мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
"2) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;";
"4) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;
5) бұрыннан бар үйлердің үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы рекуонструкциялау туралы шешім қабылдау;";
"7) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын және іске асыру;";
"Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы ережесінің 17-тармағындағы 5) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарабалық ауданының әкімі | Қ. Ғабдулин |