"Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 233 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қыркүйекте № 5908 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 99 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 04.05.2016 № 99 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 410 Жарлығына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы қоса беріліп отырған ережесі бекітілсін.
      2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әділет органдарында қайта тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Исмагулов

  Әкімдіктің
2015 жылғы 24 тамыздағы
№ 233 қаулысымен бекітілген

"Қарабалық ауданы әкімдігінің
сәулет және қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Жалпы ережелер
      1. "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі сәулет және қала құрылысы қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.
      3. "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавттар көшесі, 31.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
      2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
      функциялары, құқықтары мен міндеттері
      14. "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы халықтың қалыпты өмір сүру және тіршілік ету ортасын қалыптастыру.
      15. Міндеттері:
      1) аудан аумағында сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
      2) аудан аумағында сәулет және қала құрылысы қызметінің мемлекеттік реттеуін өз құзіреті шегінде жүзеге асыру;
      3) мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын арттыру;
      4) мемлекеттік органның құзіретіне кіретін, мемлекеттік қызметтердің анықтау және/немесе алып тастау, мемлекеттік қызметтер атауының өзгерту мәніне заңнаманың мониторингі.
      16. Функциялары:
      1) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
      2) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;
      3) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауды және олардың күтiп ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру;
      4) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;
      5) бұрыннан бар үйлердің үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы рекуонструкциялау туралы шешім қабылдау;
      6) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;
      7) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын және іске асыру.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді – Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 18.03.2016 № 44 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Сәулет және қала құрылысы бөліміне түскен құжаттарға есеп жүргізу, олардың орындалуына бақылау жасау, орындалу барысы жайлы ақпараттар әзірлеу;
      2) аумақта салынатын құрылыстың жоспарлануы немесе қала құрылысындағы басқа да өзгерістер туралы халықты құлақтандырып отыру;
      3) Сәулет және қала құрылысы бөліміне жүктелген қызметті жүзеге асыру үшін қажетті сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы субъектілерден құжаттарды, қорытындыларды, анықтамаларды және басқа да материалдарды сұру;
      4) мемлекеттік қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
      5) алынып тасталды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 18.03.2016 № 44 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      6) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі жөнінде тұтынушылардың ақпараттандыруын қамтамасыз ету;
      7) мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасы бойынша уәкілетті органға сәйкес ақпаратты ұсыну;
      8) мемлекеттік қызметтер тұтынушыларының өтініштері мен ұсыныстарын қарастыру;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді – Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 18.03.2016 № 44 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
      18. "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылығын "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Басшының өкілеттігі:
      1) сәулет және қала құрылысы бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қызметкерлерді лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарнан босатады;
      3) қызметкерлердің өкілеттіктерін және міндеттерін белгілейді;
      4) лауазымдық нұсқаулықтарды бекітеді;
      5) бұйрықтарға, қаржылық құжаттарға қол қояды, қызметкерлер орындауы міндетті нұсқаулар береді;
      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға мемлекеттік орган Бөлім мүддесін ұсынады;
      7) заңнамамен белгіленген тәртіпте марапаттау, тәртіптік жаза қолдау және еңбек ақы төлеу қоры шегінде материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;
      8) белгіленген еңбек ақы қорының және қызметкерлер санының шегінде "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымын, міндеттемелер мне төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;
      9) азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шараларды қабылдайды;
      10) оның құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттерді жүзеге асырады.
      Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      4. Мемлекеттік органның мүлкі
      21. "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
      24. "Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасы сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады