Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 135 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 мамырда № 6411 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 210 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 22.08.2016 № 210 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер жөнінде Қарабалық ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Ғабдулин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады