Қарабалық ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 98 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 маусымда № 6426 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 15.09.2022 № 182 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 97-бабының 1-тармағына, Қазакстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй–коммуналдық шаруашылык істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 тіркелген), Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарабалық ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 15.09.2022 № 182 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық мәселелеріне басшылық ететін Қарабалық ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Ғабдулин

  Әкімдіктің
2016 жылғы 4 мамырдағы
№ 98 қаулысына қосымша

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері

      1. Қарабалық кенті, Логовая көшесі, 22 үй, 2 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 30,91 теңге көлемінде;
      2. Қарабалық кенті, Киров көшесі, 2 үй, 1 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 28,23 теңге көлемінде;
      3. Қарабалық кенті, Киров көшесі, 2 үй, 2 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 30,86 теңге көлемінде;
      4. Қарабалық кенті, Советская көшесі, 19 үй, 2 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 28,87 теңге көлемінде;
      5. Қарабалық кенті, Студгородок көшесі, 2 үй, 44 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 0,98 теңге көлемінде;
      6. Қарабалық кенті, Северный шағын ауданы, 19 үй, 1 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 21,51 теңге көлемінде;
      7. Қарабалық кенті, Северный шағын ауданы, 1 үй, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 37,69 теңге көлемінде;
      8. Қарабалық кенті, Северный шағын ауданы, 1а үй, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 46,8 теңге көлемінде;
      9. Қарабалық кенті, Северный шағын ауданы, 2 үй, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 45,12 теңге көлемінде;
      10. Қарабалық кенті, Северный шағын ауданы, 2а үй, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 42,6 теңге көлемінде;
      11. Қарабалық кенті, Черемушки шағын ауданы, 15 үй, 50 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 37,1 теңге көлемінде;
      12. Қарабалық кенті, Заводская тұйық көшесі, 5 үй, 5 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 2,15 теңге көлемінде;
      13. Қарабалық кенті, Проезжий тұйық көшесі, 1 үй, 1 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 26,11 теңге көлемінде;
      14. Қарабалық кенті, Студгородок көшесі, 2 үй, 14 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 9,16 теңге көлемінде;
      15. Қарабалық кенті, Заводская көшесі, 2 үй, 6 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 0,64 теңге көлемінде;
      16. Қарабалық кенті, Титов көшесі, 16 үй, 9 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 0,3 теңге көлемінде;
      17. Қарабалық кенті, Строительная көшесі, 2 үй, 8 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 0,54 теңге көлемінде;
      18. Қарабалық кенті, Горький көшесі, 38 үй, 2 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 13,26 теңге көлемінде;
      19. Қарабалық кенті, Гагарин көшесі, 24 үй, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 26,72 теңге көлемінде;
      20. Қарабалық кенті, Гоголь көшесі, 6 үй, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 99,12 теңге көлемінде;
      21. Қарабалық кенті, Гоголь көшесі, 33 үй, 3 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 0,55 теңге көлемінде;
      22. Қарабалық кенті, Чехов көшесі, 7 үй, 7 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 9,73 теңге көлемінде.
      23. Қарабалық кенті, Заводская көшесі, 9 үй, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 7,65 теңге көлемінде;
      24. Қарабалық кенті, Заводская көшесі, 24 үй, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 3,62 теңге көлемінде.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады