Жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2016 жылғы 3 маусымдағы № 33 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 шілдеде № 6538 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2018 жылғы 27 маусымдағы № 265 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 27.06.2018 № 265 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386- бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 341 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есе көтеру туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5537 тіркелген, 2015 жылғы 30 сәуірде "Айна" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратады.

      Кезектен тыс
      сессия төрағасы С. Лысоченко
      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы А. Тюлюбаев

      "Қарабалық ауданы әкімдігінің
      жер қатынастары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      ________________ М. Омаров
      "Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігінің
      Мемлекеттік кірістер комитеті
      Қостанай облысы бойынша
      Мемлекеттік кірістер
      департаментінің Қарабалық
      ауданы бойынша Мемлекеттік
      кірістер басқармасы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ___________ К. Космухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады