Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2018 жылғы 27 маусымдағы № 265 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 шілдеде № 7957 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2022 жылғы 15 ақпандағы № 102 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 15.02.2022 № 102 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 509-бабының 5-тармағына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. Мәслихаттың 2016 жылғы 3 маусымдағы № 33 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6538 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 шілдеде "Айна" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессия төрағасы Б. Шимпиисов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Тюлюбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігінің

      Мемлекеттік кірістер

      комитеті Қостанай облысы

      бойынша Мемлекеттік

      кірістер департаментінің

      Қарабалық ауданы

      бойынша Мемлекеттік

      кірістер басқармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ___________ М. Альмагамбетов

      "27" маусым 2018 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қарабалық ауданы

      әкімдігінің жер қатынастары

      бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ____________ А. Аманов

      "27" маусым 2018 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қарабалық ауданы

      әкімдігінің экономика және

      бюджеттік жоспарлау бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _____________ М.Шайхинов

      "27" маусым 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады