Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 сәуірде № 6293 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің 28.02.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 48-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Қостанай ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қостанай облысы Қостанай ауданы Шишкин ауылдық округінің Суриковка ауылы аумағында 2016 жылғы 14 сәуірден бастап жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
       Т. Исабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады