Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің 13.03.2020 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23-бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай ауданы әкімінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 1 "Қостанай ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4525 болып тіркелген, "Арна" газетінде 2014 жылдың 28 наурызында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
№ 528, № 534, № 577 сайлау учаскелері жойылсын;
№ 527, № 532, № 578 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 527 сайлау учаскесі
Шекараларында: Владимировка ауылы, Янушевка ауылы.";
"№ 532 сайлау учаскесі
Шекараларында: Глазуновка ауылы, Степное ауылы.";
"№ 578 сайлау учаскесі
Шекараларында: Надеждинка ауылы, Майалап ауылы.".
2. Осы шешімінің орындалуын бақылау әлеуметтік жұмыс жөніндегі аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай ауданының әкімі | Қ. Ахметов |
Қостанай аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
______________ В. Панин