"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабы 2 – тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген, Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 13 маусымнан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі | В. Ионенко |
Әкімдіктің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 166 қаулысына қосымша |
2016 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері
р/с № | Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі | Өтінімдерді ұсыну мерзімдері |
1 | 2 | 3 |
1 | Жаздық жұмсақ бидай | 13 маусымнан 05 қыркүйекке дейін |
2 | Күздік бидай | 13 маусымнан 05 қыркүйекке дейін |
3 | Жаздық қатты бидай | 13 маусымнан 05 қыркүйекке дейін |
4 | Сұлы | 13 маусымнан 05 қыркүйекке дейін |
5 | Арпа | 13 маусымнан 05 қыркүйекке дейін |
6 | Тары | 13 маусымнан 05 қыркүйекке дейін |
7 | Қарақұмық | 13 маусымнан 05 қыркүйекке дейін |
8 | Күздік қара бидай | 13 маусымнан 05 қыркүйекке дейін |
9 | Бұршақ | 13 маусымнан 05 қыркүйекке дейін |
10 | Аңқа | 13 маусымнан 05 қыркүйекке дейін |
11 | Жасымық | 13 маусымнан 05 қыркүйекке дейін |
12 | Күнбағыс | 13 маусымнан 05 қыркүйекке дейін |
13 | Рапс | 13 маусымнан 05 қыркүйекке дейін |
14 | Зығыр | 13 маусымнан 05 қыркүйекке дейін |
15 | Мақсары | 13 маусымнан 05 қыркүйекке дейін |
16 | Картоп | 13 маусымнан 05 қыркүйекке дейін (тамшылатып суару) |
17 | Көкөністер | 13 маусымнан 05 қыркүйекке дейін (тамшылатып суару) |
18 | Бақша дақылдары | 13 маусымнан 05 қыркүйекке дейін |
19 | Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс | 13 маусымнан 05 қыркүйекке дейін |
20 | Сүрлемдік жүгері | 13 маусымнан 05 қыркүйекке дейін (суаруға) |
21 | Жемшөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер | 13 маусымнан 05 қыркүйекке дейін (суаруға) |
22 | Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көпжылдық шөптер | 13 маусымнан 05 қыркүйекке дейін |