Аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленетін азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 83 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 сәуірде № 6291 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 316 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 29.11.2017 № 316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-зі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға аудандық қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленетін лауазымдарының тізбесі сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Сарыкөл ауданының әкімі Э. Күзенбаев

      Сарыкөл аудандық мәслихатының хатшысы

      _______________ К. Базарбаева

      4 сәуір 2016 жыл

  Әкімдіктің
2016 жылғы 4 сәуірдегі
№ 83 қаулысына қосымша

Аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленетін азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласының мамандарының лауазымдары:

      1) директор;

      2) басшы (меңгеруші);

      3) директордың (басшының) әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары;

      4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші;

      6) күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      2. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) білім беру ұйымдарының барлық мамандықтары мұғалімдері;

      2) жалпы білім беру мектеп, мектеп –бала бақша кешен, арнайы түзету ұйымы және барлық түрі мен үлгідегі интернаттық ұйымдардың директоры (меңгеруші);

      3) мектепке дейінгі ұйымның менгерушісі;

      4) шығармашылық шеберхананың жетекшісі (білім беру ұйымдарында);

      5) дене тәрбиесінің жетекшісі (білім беру ұйымдарында);

      6) алғашқы әскери даярлық, оқытушы-ұйымдастырушы (оқу орнындағы әскери жетекшісі);

      7) жалпы білім беретін мектептердің, мектеп интернаттардың және басқа да бастауыш, негізгі орта, жалпы орта техникалық және кәсіптік қосымша білім беру ұйымдарындағы директордың ғылыми, оқу, оқу-өндірістік, оқу–тәрбие, оқу-әдістемелік жұмысы, ақпараттық технологиялар тәрбие жұмыс жөніндегі орынбары;

      8) оқу-өндірістік, оқу–тәрбие қызметімең тікелей айналысатын білім беру ұйымдарында бөлім меңгерушісі;

      9) әлеуметтік педагог;

      10) педагог–ұйымдастырушы;

      11) қосымша білім педагогы;

      12) тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (оқу орнында тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім);

      13) педагог-психолог;

      14) кеміс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (дефектолог);

      15) аға тәрбиеші, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында);

      16) оқытушы қызметімен тікелей айналысатын спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы, спорт жөніндегі аға жаттықтырушы-оқытушы;

      17) мектепке дейінгі балалардың ұйымының музыкалық жетекшісі;

      18) оқу орнының, оқу–тәрбие, оқу-сауықтыру ұйымыныңда аға тәлімгері;

      19) оқу–тәрбие, оқу-өндірістік қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің нұсқаушысы;

      20) спорт мектебінің нұсқаушы, нұсқаушы-әдіскері;

      21) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация меңгерушісі;

      22) қосымша білім беру ұйымының директоры;

      23) білім беру ұйымдарындағы зертхана кабинет, секторымен меңгерушісі;

      24) аудармашы-дактитолог (білім беру ұйымдарындағы сурдоаудармашы);

      25) еңбек жөніндегі нұсқаушы (білім беру ұйымдарында);

      26) мәдени ұйымдастырушы (білім беру ұйымдарында);

      27) әдіскер, аға әдіскер білім беру ұйымдарының;

      28) оқу–тәрбие жұмысымен тікелей айналысатын музыкалық жетекші (балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарынан басқа), аккомпаниатор, концерт қоюшы;

      29) білім беру ұйымдарында оқу бөліміның меңгерушісі;

      30) мейірбике (мейіргер).

      3. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) ұйымның директоры, басшысы;

      2) бөлімшенің басшысы;

      3) директордың, басшының орынбасары;

      4) архив қоймасының меңгерушісі;

      5) сектор басшысы;

      6) барлық атаулар суретшісі;

      7) әкімшілік (негізгі қызмет);

      8) аккомпаниатор;

      9) мұражай қорын есептеу бойынша мұрағатшы;

      10) археограф (негізгі қызмет);

      11) барлық атаулар режисері;

      12) режиссердің көмекшісі және ассистенті;

      13) балетмейстер;

      14) библиограф;

      15) кітапханашы;

      16) дирижер;

      17) концертмейстер;

      18) барлық атаулар инженері(негізгі қызмет);

      19) өнер танушы;

      20) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызмет);

      21) лаборант (негізгі қызмет);

      22) лектор-музыкатанушы;

      23) шеберші (негізгі қызмет);

      24) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызмет);

      25) музыкалық жетекші;

      26) палеограф;

      27) редактор (негізгі қызмет);

      28) вокал, балет бойынша репетитор;

      29) хореограф;

      30) хормейстер;

      31) қор сақтаушы;

      32) экскурсовод.

      4. Спорт саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) басшы, директор;

      2) директордың, басшының орынбасары;

      3) нұсқаушы, әдіскер;

      4) аға жаттықтырушы, жаттықтырушы.

      5. Ветеринария саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) агроном;

      2) ветеринариялық техник;

      3) зоотехник;

      4) инженер-технолог;

      5) балық өсіруші;

      6) технолог;

      7) фермерші.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады