Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 26.06.2018 № 175 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 139 – бабының 9 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленетін азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 83 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленетін азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6291 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 мамырда "Сарыкөл" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарыкөл ауданының әкімі | Э. Күзенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Сарыкөл аудандық
мәслихатының хатшысы
___________ К. Базарбаева
Әкімдіктің 2017 жылғы "29" қарашадағы № 316 қаулысына қосымша |
Аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленетін азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) директор (басшы);
2) үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
5) күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2. Білім беру саласының мамандар лауазымдары:
1) білім беру ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалімдері;
2) жалпы білім беру мектеп директоры;
3) мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі;
4) алғашқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушысы;
5) жалпы білім беретін мектептердің және басқа да бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарындағы директордың оқу, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
6) директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары;
7) әлеуметтік педагог;
8) қосымша білім педагогы;
9) тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (оқу орындарындағы тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім);
10) педагог-психолог;
11) тәрбиеші (білім беру ұйымдарында);
12) балалардың мектепке дейінгі ұйымының музыкалық жетекшісі;
13) оқу орнының аға тәлімгері;
14) оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің нұсқаушысы;
15) қосымша білім беру ұйымының директоры;
16) білім беру ұйымдарының әдіскері;
17) оқу-тәрбие жұмысымен тікелей айналысатын музыкалық жетекші (балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарынан басқа);
18) мейірбике (мейіргер);
19) емдәмдік мейірбике;
20) кітапханашы.
3. Мәдениет саласының мамандар лауазымдары:
1) ұйымның басшысы, директоры;
2) меңгерушісі;
3) басшысының, директорының орынбасары;
4) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
5) аккомпаниатор;
6) режиссер;
7) библиограф;
8) кітапханашы;
9) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
10) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
11) музыкалық жетекші;
12) редактор (негізгі қызметтер);
13) хореограф;
14) қазақ, ағылшын тілдер мұғалімі.
4. Спорт саласының мамандарының лауазымдары:
1) басшы, директор;
2) басшысының, директорының орынбасары;
3) әдіскер;
4) жаттықтырушы;
5) барлық мамандықтағы дәрігер.
5. Ветеринария саласындағы мамандар лауазымдары:
1) ветеринар дәрігер;
2) ветеринар фельдшер.