Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 22 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 мамырда № 6366 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2019 жылғы 7 ақпандағы № 252 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 07.02.2019 № 252 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессияның төрағасы Т. Ибрашев
      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы С. Сапабеков

      "Таран ауданы әкімдігінің
      экономика және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      _________________ В. Ересько
      "21" сәуір 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады