Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 263 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 23 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 мамырда № 6372 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 90 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 28.03.2024 № 90 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 97-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 263 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5510 тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірдегі "Маяк" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Тұрғын үй көмегін "Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – Қостанай облысы бойынша "Халыққа кызмет көрсету орталығы" департаментінің Таран аудандық бөліміне (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) жүгінеді немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі-портал) арқылы баламалы негізінде өтінішпен және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 тіркелген, 2015 жылғы 3 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";
      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік 10 (он) күн береді.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессияның төрағасы Т. Ибрашев
      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы С. Сапабеков

      "Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      ______________________ Л. Өтешева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады